МЕКТЕП АСХАНАСЫНДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
МЕКТЕП АСХАНАСЫНДА ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
2026 жылғы 24 қыркүйекте «Шоқан Уәлиханов атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп» КММ мектебінің асханасында бракераж комиссиясы жоспарлы тексеру жүргізді.
Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасына, бекітілген ас мәзірінің сақталуына, ас блогының санитарлық жағдайына және азық-түлік өнімдерін сақтау талаптарына ерекше назар аударылды.
Комиссия тарапынан азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімі, қажетті құжаттардың, технологиялық карталар мен бақылау журналдарының болуы тексерілді.
Тексеру нәтижесінде оқушылардың тамақтану рационының бекітілген ас мәзіріне сәйкес келетіні, ал дайын тағамдардың сапасы белгіленген талаптарға сай екені анықталды.
Ас блогының санитарлық жағдайы, азық-түлік өнімдерін сақтау талаптары және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жұмыстары қажетті нормаларға сәйкес келеді.
Сонымен қатар асхананың жұмыс кестесі мен білім алушылардың тамақтану уақытының сақталуы бақылауға алынды.
Асхана қызметкерлерінің сыртқы келбетіне қойылатын талаптардың орындалуы, асхана құралдарының сақталуы, сондай-ақ жуу құралдарының дұрыс қолданылуы тексерілді.