«Бірінші сынып оқушысының мектептегі алғашқы оқу жылына бейімделуі»
22.09.2026
Шоқан Уәлиханов атындағы №8 жалпы білім беретін мектебінде 1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Бірінші сынып оқушысының мектептегі алғашқы оқу жылына бейімделуі» тақырыбында жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыста директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары О.В. Жумабаева, педагог-психолог Т.Э. Меркер, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары С.Р. Кучерявенко және Е.Н. Женатова сөз сөйледі.
Кездесу барысында бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуі, оқу үдерісінің ерекшеліктері, балаларға психологиялық қолдау көрсету, күн тәртібін сақтау және баланың сәтті бейімделуіндегі отбасының рөлі туралы мәселелер қарастырылды.
Ата-аналарға практикалық кеңестер беріліп, олардың сұрақтарына жауап берілді. Отбасы мен мектептің тығыз ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Жиналыс жылы әрі сындарлы жағдайда өтті.