Мектебіміз үшін керемет жаңалық!

22.10.2026

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XIX Президенттік олимпиаданың II іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің 11-сынып оқушысы Векшин Денис іріктеуден сәтті өтіп, олимпиаданың РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ қатысуға жолдама алды!
Бұл – оқушымыздың жоғары білім деңгейін, мақсатқа ұмтылысын, табандылығы мен еңбекқорлығын айқындайтын маңызды жетістік.
👏 Денисті осы тамаша жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған өз күшіне деген сенімділік, шабыт, республикалық кезеңде сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!
Денис, біз сені мақтан тұтамыз және саған сәттілік тілейміз! Алда сені жаңа белестер мен үлкен жетістіктер күтіп тұрсын! 🌟

Просмотров: 95


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу