Степногорск қаласының жас зерттеушілерінің жетістіктерін мақтан тұтамыз!
22.10.2026
Степногорск қаласының оқушылары «Менің кіші Отаным» республикалық өлкетану зерттеу жұмыстары байқауының облыстық кезеңіне қатысып, туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын, зерттеушілік қабілеттерін және тарихи мұраны зерделеудегі шығармашылық ізденістерін көрсетті.
🥈 Шоқан Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Жақсылықова Анельдің жүлделі II орын иеленуі – ерекше мақтаныш!
Анель «Бір жәдігер – бір тарих» номинациясы бойынша «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі: бір марапаттың тарихы» атты зерттеу жобасын ұсынып, бір адамның тағдыры арқылы туған қаласының еңбек тарихының маңызды беттерін ашып көрсетті.
👏 Анельді және оның ғылыми жетекшісі Кулагина Ирина Николаевнаны лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Степногорск қаласының жас зерттеушілеріне жаңа жаңалықтар, шығармашылық шабыт және толағай табыстар тілейміз!
🇰🇿 Туған өлкенің өткенін зерттеу арқылы біз тарихи жадымызды болашақ ұрпақ үшін сақтаймыз!