Волейболдан жарыс

22.10.2026

Қазақстан Республикасы күніне орай Шоқан Уәлиханов атындағы №8 жалпы орта білім беретін мектебінің спорт залында 8-сынып ұлдары арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Жігіттер спорттық жігер мен белсенділік танытып, ойын барысында өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:  І орын — 8 «В» сыныбы,  ІІ орын — 8 «Г» сыныбы,  ІІІ орын — 8 «А» сыныбы.
Жарысқа қатысқан барлық командалар грамоталармен және дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жарыстың негізгі мақсаты — алда өтетін қалалық деңгейдегі волейбол турниріне қатысу үшін ең мықты ойыншыларды анықтау болды.

Просмотров: 93


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу